Жаңа Конституция және зияткерлік меншікті қорғаудың маңызы

Жаңа Конституция жобасындағы өте маңызды бағыттардың бірі — зияткерлік меншікті қорғау туралы сөз қозғағым келеді.Қарапайым тілмен айтсақ, зияткерлік меншік — бұл адамның ойымен, ақылымен, еңбегімен жасаған дүниесі. Оған идея, өнертабыс, ән, кітап, бағдарлама, дизайн, ғылыми жаңалық — бәрі кіреді.

Жаңа Конституция жобасында зияткерлік меншікті қорғауға ерекше көңіл бөлінуі тегін емес. Себебі қазіргі заманда ең үлкен байлық — ақыл мен білім. Егер адам өз идеясын қорғай алмаса, онда дамуға да, жаңашылдыққа да ынта болмайды.Бұл өзгеріс жастар үшін өте маңызды. Стартап жасап жүргендерге, IT саласында жүргендерге, өнер адамдарына, блогерлер мен ғалымдарға — бәріне өз еңбегінің заңмен қорғалатынына сенім береді. Яғни, сен ойлап таптың ба — ол сенікі, оны біреу рұқсатсыз пайдалана алмайды. Зияткерлік меншікті қорғау — бұл тек жеке адамға емес, ел экономикасына да пайда. Өйткені идея қорғалған жерде инновация дамиды, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптасады.Қорытындылай келе, жаңа Конституциядағы зияткерлік меншікті қорғау — бұл жастардың әлеуетіне сенім білдіру, білім мен шығармашылықты ел дамуының негізгі күші ретінде тану деген сөз.