Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мемлекеттік қызметшілердің жұмысына қалай әсер етеді?

Қазақстанда жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) қабылданды. Бұл мемлекеттік қызметшілерді өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен және адал қарауға міндеттейді. Жаңа заңдар жинағында бекітілген нормалар мен принциптерді түсіндіру үшін Қарағандыға ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бастаған жұмыс тобы келді.

Жаңа кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Оның басты мақсаты – мемлекеттік органдармен даулар кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Қарапайым тілмен айтқанда, ӘРПК азаматтар мен билік басында отырған адамның құқықтарын теңестіреді.

Бүгінгі күні Қазақстанның қарапайым тұрғыны кез-келген мемлекеттік органға бірнеше жолмен талап қоя алады. Бұл кәдімгі пошта және ғаламтор арқылы ХҚКО-да «е-Нәтиже» жүйесі арқылы, ашық әкімдіктер мен egov.kz сайтындағы «Электрондық өтініштерде» жүйесін қолдана отырып.

– Сонымен қатар, біз қазір «e-Өтініш» жаңа электронды қосымшасын енгізіп жатырмыз, – деді Бағдат Мусин. – Бұл жүйе бүкіл республика бойынша шағымдарды қабылдайды және өңдейді. Телефонда екі-үш пернені басу арқылы адам өзінің өтінішін мемлекеттік органдардың қарау барысын бақылай алады.

Жалпы конституциялық нормалармен бірге әкімшілік сот төрелігінің мүлдем жаңа қағидаттары енгізілді: сенім құқығын қорғау, тең құқылық, ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу және соттың белсенді рөлі.

–Жаңа кодексте мемлекеттік органның кінәсінің презумпциясы сияқты тұжырымдама бар, – деді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Бақыт Әбішев. – Ал судья бұл жолы белсенді рөлде болады. Оның басты міндеті – азаматқа көмектесу. Прокурорлар тек төрт іске қатысатын болады: салық, кеден, экология, бюджет. Мемлекеттік орган мен өтініш беруші жалғыз қалады. Мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі едәуір артады.

Заңдар кодексі екі бөлімнен тұрады – процедуралық және процессуалдық. Біріншісі апелляция алған кезде барлық процедуралардың қалай орындалғанын және оған жауаптарды қадағалайды.

ӘРПК-нің екінші бөлімі дауларды сотта қарауға арналған.

– Тағы бір жаңалық – бұл бас тарту институты. Азамат әкімшілік органнан лауазымды тұлғадан бас тартуға, өкілі болуға, сондай-ақ істің барлық материалдарымен танысуға құқылы, – деп түсіндірді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің сарапшысы Рустам Ахметов. – Тағы бір маңызды принциптердің бірі – сенім құқығын қорғау. Бұл дегеніміз, мемлекеттік органдардың шешімі қабылданғаннан кейін, ол заңды әрі дәйекті болып табылады және егер ол азаматтың кінәсі болмаса, күшін жою мүмкін емес.

Сонымен қатар, азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі де артады. 1 шілдеден бастап анонимді шағымдар қарастырылмайды. Мемлекеттік органдарға келіп түскен барлық өтініштерде ЖСН көрсетілуі керек.

Талқылау барысында өтініштер түскен техникалық қосымшаларға қатысты бірнеше шағымдар айтылды. Жаңа заңдар жинағы іске қосылғанға дейін олардың барлығы түзетіледі.

– Кодекс азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын белгілейді. Жұмыста дұрыс тиімді үшін Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларымен танысып шығуды сұраймын, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне Мемлекет басшысы 2020 жылы 29 маусымда қол қойды.