Жаңа кезеңге – жаңа реформалармен!
Жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің бастауы. Бұл жаңа кезеңге қарай жасаған батыл қадам болмақ. Халық осыны күтіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жалпы, мемлекеттің саяси-әлеуметтік жүйесіне өзгеріс көптен қажет еді. Басқару тетіктерінде де жаңа талаптар енгізу керек болды.
Көпшілік нәтижесіз іс-шаралардан әбден шаршады. Орындалмайтын
2023 жылдың 19 сәуірі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынып, бұл өзгерістер жұртқа жақсы көріну үшін жасалмайтынын атап өтті. Президент қағаз бетін¬де ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кеткенін ашық айтты. «Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе», – деді Президент. Сонымен жұрт күткен жаңа реформалар елдегі басқару жүйесіне қандай өзгерістер әкеледі, соның маңызды бірнеше қадамына тоқталды. Бізге ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тың тәсілдері қажет. Сол үшін тиісті стратегияны заман талабына сай қайта қарау керек. Сыртқы саясат тұжырымдамасы да жаңартылуға тиіс. Бұл құжат мүлде басқа геосаяси жағдайда қабылданған».
Қазір көп нәрсе өзгерді. Яғни, ішкі қауіпсіздікті сақтау, қорғаныс қабілетін күшейту, Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия аймағының халықаралық деңгейдегі беделін арттыру мәселелері басты назарда болуы керек екенін атап өтті.
Реформаларымызды жүзеге асырудағы бірқатар олқылықтарға, түйткілдерге тоқталды. Негізгі мәселе – жұмыстың сапалы орындалмауында екенін де айтты. Жария етілген көптеген реформа әлі де баяу жүріп жатқаның баса назарға алып, осы тұста Үкіметке тиісті тапсырма берді. Президентіміздің реформалары халық игілігі үшін қызмет атқаруда деп айта аламын. Еліміз өркендей берсін!
Мердан АТАМҰРАТ,
жеке кәсіпкер.