Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Өздеріңізге мәлім ,осы жылдың 5 маусым күні, ата-заң конституциямызға жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында, республикалық референдум өтетін болады.

Нақтылайтын болсақ , аталған өзгерістердің ішінде :

1. Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға көшу ;

2. Парламенттің рөлін күшейтіп , құзыретін кеңейту ;

3. Сайлау процесіне маңызды өзгерістер енгізу ;

4. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша концептуалды өзгерiстердi қабылдау ;

Жалпы бұл референдум еліміздің демократиялық негізін нығайтуға, және халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар болып есептеледі. Еліміздің жарқын болашағы үшін, республикамыздың беделі өсуі үшін, әлем аренасында мемлекетіміздің демократия жолын дамыту үшін, бұл референдумда негізгі заңнама, конституцияға енгізілетін жаңа өзгерістерді қолдайық! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Арафат Мажитов