Жұртшылықты бірлесе жұмыс істеуге шақырды

Аудан əкімі Аманжол БАТЫРБЕКҰЛЫНЫҢ тұрғындармен кездесуі Қарсақбай кентінде жалғасты. Мұнда жақында ғана сайланған, жас əкім Асылхан ƏЛІМСЕЙІТ есепті мерзім ішінде атқарған жұмыстары жөнінде есебін беріп, алдағы жоспарларын бағамдады.

Кент əкімінің есебінен кейін аудандық мекеме, бөлім басшылары да өз жұмыстары жөнінде ақпараттарын берді.

Кездесу барысында аудан басшысы аудан бойынша жоспарда тұрған жұмыстарға тоқталды. Əсіресе, туризм саласын дамытуға байланысты бірнеше ауқымды жобаларға тоқталып өтті. Сонымен қатар, Ұлытау облысының əлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарымен де таныстырып өтті. Сөз соңында Аманжол Батырбекұлы кент тұрғындарын бірлесе жұмыс істеуге шақырып, кезектен тыс өткізілген Президент сайлауында белсенділік танытқандарды марапаттады. Атап айтар болсақ, Саламат Рахметоваға ҚР Президентінің Алғыс хатын, Айгүл Ибраеваға аудан əкімінің Алғыс хатын табыстады.

Есептік кездесуден кейін аудан əкімі мен аудандық мəслихаттың хатшысы кент тұрғындарын жеке мəселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда болған Серік Мəшіріп аудан əкімінің қызметіне сəттілік тілеп, алдағы жұмыстарына жемісті еңбек етулеріне тілекші екендігін жеткізді. Ал, кент тұрғындары Бектемір Жағыппаров пен Марина Молчанова жеке сұрақтары бойынша қабылдауда болды.

Соңында аудан басшысы Қарсақбай кентіндегі спорт кешеніне барып, кестеге сəйкес атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі.