«Жәрдем» пойызы – Терісаққан ауылында

Терісаққан станциясына заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған «Жәрдем» медициналық пойызы келіп жетті.

25 дәрігер, 2 заңгер терісаққандықтарды арнайы кестеге сәйкес екінші күн қатарынан 09.00-18.00 аралығында үзіліссіз қабылдауда.

Станция тұрғындарына негізгі медициналық мамандықтардың 25 білікті маманы (терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР дәрігері, хирург, уролог, маммолог, педиатр, психолог) тегін тексеріп, емдеуден өткізуде.

Сонымен қатар, жоба шеңберінде кәсіби және тәжірибелі 2 заңгер азаматтарға тиімді медиациалық, психологиялық, құқықтық және медиативті көмек көрсету қызметтері тегін ұсынуда.

Айта кетейік, «Жәрдем» медициналық пойызы алдағы уақытта Ұлытау облысының Теректі, Қарсақбай, Байқоңыр, Қоскөл станцияларында да болады.