Жұмысшы – мерейлі мамандық
Жұмысшы мамандық – әрқашан сұраныста болатын, еңбектің шынайы бейнесін көрсететін сала. Қандай заманауи технология дамыса да, шебер қолдың орны бөлек. Жұмысшы мамандығын игеру – тек нан табудың жолы емес, ол – кәсіпті меңгеріп, қоғамға пайда әкелудің үлкен мүмкіндігі. Осындай маман иелерінің арқасында өндіріс жүреді, құрылыс салынады, күнделікті тіршілік алға басады.
Гүлдана АСАНХАНОВА,
Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты.