Жұмысшы мамандығы – қоғамның негізгі тірегі
Жұмысшы мамандығы – қоғам дамуының алдыңғы шебінде тұрған салалардың бірі. Әлемнің қай түкпіріне барсақ та, өндіріс орындары, құрылыс алаңдары, ауыл шаруашылығы – барлығы жұмысшылардың маңдай терімен дамып келеді. Олардың еңбегінсіз өркениеттің алға жылжуы мүмкін емес.
Бұл мамандықтың ерекшелігі – нақты нәтиже береді. Мәселен, құрылысшы салған ғимарат ондаған жылдар бойы халықтың игілігіне қызмет етеді, дәнекерлеуші жасаған құрылғы өндірістің тоқтап қалмауына себеп болады, механик жөндеген көлік қайта жолға шығады. Сондықтан жұмысшы мамандығы – көзге көрінетін, өмірге бірден пайдасы тиетін мамандық.
Мадияр БЕЙСАЛЫ,
белсенді жас.