Жұмыс уақыты режимін сақтау – қызмет талабы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілген болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының мамандарымен ағымдағы жылдың 28 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында келесі мемлекеттік органдарда:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитеті Ұлытау облысының аумақтық инспекциясында;
2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Ұлытау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінде;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінде;
4) Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасында;
5) Ұлытау облысының білім басқармасында жұмыс уақыты режимінің сақтауына мониторинг жүргізіліп, оның нəтижесінде үстеме жұмыс жасау фактілері анықталмады.
Алайда, мониторинг нəтижелері бойынша мемлекеттік қызметшіні заңсыз үстеме жұмысқа тарту жағдайлары анықталған жағдайда, мемлекеттік органның бірінші басшылары ҚРƏҚБтК-нің 89-бабында көзделген əкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Аталып өткен шаралар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оның ішінде олардың əлеуметтік кепілдіктерінің бұзылуының алдын алуға бағытталған.
Айта кетерлігі, мемлекеттік қызмет жəне еңбек заңнамаларының талаптарына сəйкес, жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс жəне мереке күндердегі жұмысқа тартылған жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе өтемақы төленеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

А.ƏБІКЕНОВА,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.