Жүйелі реформа – ел келешегі

Мемлекет басшысы Жолдауында Қазақстанның əлеуметтік əл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шараларды атап көрсетті. Білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, жастар мен ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен қаражат бөлу, барлық əлеуметтік төлемдерді индекстеу, зейнетақыларды қайта қарау, «Ұлттық қор – балаларға» жобасын қолға алу, осының бəрі – қазіргі қиындықтарға қарамастан, мемлекеттік əлеуметтік саясатты күшейтудегі өміршең бастамалар.

100 мың жасты жұмыспен қамту, жас кəсіпкерлерді жеңілдікпен несиелендіру, студенттік жатақхана мəселесін шешудің нақты шаралары жариялануы болашақ ұрпақ мəселесінің Президент назарында екенін көрсетеді.

Ұсынылған реформалардың барлығы – жаңа жағдайда еліміздің дамуына тың серпін беретін озық əрі дер кезінде қолға алынған шаралар. Реформа еліміздің одан əрі дамуының бағытын айқындайды. Мемлекет басшысы өз сөзінде су ресурстарының тапшылығы, жол жөндеу, ауылдағы медицинаны дамыту, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жəне басқа да халықты толғандыратын өзекті мəселелердің барлығын қамтыды.

Ел экономикасының дамуы қашанда қарапайым тұрғындардың əл-ауқатының өсуінен көрінеді. Ал, тұрғындардың əлеуеті ең əуелі олардың табыс көлемінің артуына байланысты екені анық. Жолдау жүктеген міндетке сай алдағы уақытта бұл мəселе де біржақты болуы тиіс.

Алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша іс-шаралар жоспары жасалатыны да заңды.

Расында да, халыққа керекті мəселелер қамтылды. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары орындалады деп сенемін. Бүгінгі таңда біздің жұмысымызда қоғамдық диалог, ашықтық, халықтың сұранысына жедел жауап беру басым бағыт болуы керек. Осының арқасында біз жоспарлағанның бəрін жүзеге асыра аламыз.

Мағзұмбек МАШАЙЫҚҰЛЫ,

Қазақстанның Құрметті журналисі.