Өзекті мәселелер – басты назарда
Аудан әкімдігінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Мақсұт ОСПАНОВТЫҢ төрағалығымен ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде аппарат мәжілісі өтті. Аппарат мәжілісіне мекеме, бөлім басшылары, кент, ауыл әкімдері қатысты.
Аппарат отырысында бүгінгі күні өзекті болып тұрған мәселе – коронавирус инфекциясының таралуын алдын алуға, екпе салу жұмыстары бойынша аудандық санитарлық эпидемиологиялық басқармасының басшысы Ерлан Танабаев пен аудандық орталық аурухана директоры Жұмаш Баймұратов мәлімдеді. Ал, ауданның жылу беру маусымына дайындығы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Ернұр Еділбаев хабарлама жасады.Бұдан кейін үстіміздегі жылы өтіп жатқан халық санағы бойынша аудандық статистика басқармасының басшысы Алмат Сакипов ақпарат берді.
Жиынды қорытындылаған Мақсұт Сәрсембайұлы кент, ауыл әкімдеріне індеттің таралуының алдын алуға байланысты түсіндірме жұмыстарын, оның ішінде, екпе алуды ширатуды міндеттеді. Сонымен қатар, ауыл әкімдерінен жылу беру маусымына байланысты туындап тұрған мәселелерді тез арада шешуді талап етті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.