Зейнетақы 10%-ға өседі: 2026 жылы зейнеткерлер қанша теңге алады?
Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы төлемі 10%-ға өседі. Келер жылдарға арналған бюджет жоспарына сәйкес, 2026 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге жетеді.

2026 жылғы индекстеуден кейін еліміздегі ең төменгі жалпы зейнетақы мөлшері (базалық төлемді қосқанда) 104 645 теңгеден кем болмайды. Ал ең жоғары зейнетақы көлемі 238 412 теңгеге дейін жетеді деп күтіледі.
Бюджет жобасында зейнетақының орташа мөлшерінің де өсу қарқыны көрсетілген. Орташа зейнетақы:
▫️2026 жылы – 103 687 теңге;
▫️2027 жылы – 108 940 теңге;
▫️2028 жылы – 113 995 теңге.
Орташа базалық зейнетақы:
▫️2026 жылы – 54 082 теңге;
▫️2027 жылы – 58 276 теңге;
▫️2028 жылы – 61 527 теңге.
