Үздік үгіт-насихат материалдарына байқау жариялайды

«Saryarqa Aqparat» медиахолдингі Қарағанды облысының жетекші БАҚ өкілдерімен бірлесіп, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қолдауымен коронавируспен күрес тақырыбындағы үздік үгіт-насихат материалдарына байқау жариялайды.

Байқауға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстарды кез келген түрде – видео, фото, сурет, коллаж, графикалық дизайн, өлең, ән, тағы басқа форматта беруге болады.

Қатысушы бірнеше номинацияға түрлі жұмыстарын жібере алады.

Конкурс 4 номинациядан тұрады:

1. ВИРУСҚА ҚАРСЫ ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК.

Аталған номинацияға коронавируспен күреске бағытталған бейнероликтер ұсынылады. Роликтерді қазақ немесе орыс тіліндегі мәтінмен беруге болады. Роликтің ұзақтығы 120 секундтан аспауы тиіс.

2. ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ.

Бұл номинацияға шағын және орта бизнес өкілдері, яғни, кәсібі тікелей тұтынушылармен тығыз байланысты – кафе, мейрамхана, кинотеатр, сауда орындары, дүкендер мен өзге де мекемелердің иелері қатыса алады. Қатысушылар байқауға роликтер, посттар, ТikTok-тар және өз кәсіпорнындағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын баяндап, жұртты сақтануға шақыратын өзге де материалдарды ұсынады.

3. АНТИВИРУС БОЯУЛАРЫ.

Аталған номинацияға 5 жастан 10 жасқа дейінгі балалар коронавируспен күрес тақырыбындағы суреттерін жолдай алады.

4. БЕТПЕРДЕ КИГЕН АДАМ.

Бұл номинацияға кез келген жерде (көлік, емхана, жұмыс орны, жеке автокөлік, вокзал, көшеде) сақтық шараларын сақтауға шақыратын түрлі материалдар қатысады. Жұмыстарға қосымша автор өзінің және айналасындағы адамдардың бетперде киген, қашықтық сақтаған, антисептик қолданып жатқан фотосын (бірнеше фотоға рұқсат) қоса жолдауына болады.

Міндетті шарт: материалдар #АнтиКовидKrg хэштегімен жариялануы керек.

Байқауға қатысушылар жұмыстарын Instagram, Facebook және т.б. әлеуметтік желілердегі парақшаларында өзі қатысатын номинацияны көрсете отырып, қазақ немесе орыс тілінде аталған хэштегімен жариялайды. Сондайақ, Life.09_ Instagram парақшасына жазылып, сілтеме жасауы шарт.

Конкурс өткізу кезеңінде қатысушылардың жеке парақшалары ашық болуы тиіс.

Үміткердің байқауға қатысқанын жіберілген материалдың Life.09_ парақшасы сторисіне жариялануы нақтылайды.

Байқау 2020 жылғы 1-25 қараша аралығында өткізіледі.

Байқау қорытындысы 2020 жылғы 26 қарашадан 29 қарашаға дейін шығарылады.

Әр номинация бойынша 5 жеңімпаз анықталады. Жалпы 4 номинация бойынша 20 жеңімпаз таңдалады.

Жеңімпаздардың әрқайсы 50 000 теңгеден ақшалай сыйақымен марапатталады.

Жеңімпаздар 2020 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Life.09_ Instagram парақшасында жарияланады.

Байланыс телефоны: 8701-427-75-20.

Ұйымдастыру алқасы.