Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру
1992 жылы 7 мамыр ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «ҚР Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойып, егеменді еліміздің Қарулы Күштері құрылған болатын. Сол сәттен бері еліміздің даму қадамымен бірге Қазақстанның армиясы да үлкен жетістіктерге жетіп, өз абыройын асқақтатты. Қазіргі таңда Тәуелсіз еліміздің кез-келген сәтте қорғайтындай мықты қарулы күші бар деп сеніммен айта аламыз.
ҚР Қарулы Күштерінің мәртебесін арттыру мақсатында, құрамындағы өз әскери борышын атқарып жүрген әскери қызметшілердің және олардың отбасыларының әлеуметтік жағдайын арттыру мақсатында, 2012 жылғы 16 ақпанда №561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №191 «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру» Қаулысы бойынша Ұлытау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлік құрамының лауазымдарын жинақтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлік құрамының лауазымдарын жинақтау үшін запастағы әскери міндеттілерді іріктеу 2012 жылғы 16 ақпандағы №561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес жүргізіледі. Заңнамаға сәйкес запастағы офицерлер құрамының қызмет ету мерзімі 2 жыл. Бұл әскери қызметке жасы 29-ға дейінгі азаматтар қабылданады. Кандидаттар шақырылған жергілікті атқару органдарының бастығымен сұхбаттасудан, аудандық және қалалық медициналық куәландырудан өтеді. Сонымен қатар психологиялық тест тапсырады. Запастағы офицерлер әскери қызметін өткеру кезеңінде әлеуметтік қамтамасыз етудін мынадай жеңілдік құқықтары қарастырылған:
әскери медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
мемлекет есебінен ҚР Үкіметі белгілейтін нормалар бойынша уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіпте заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі; тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен олармен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелері — жұбайы (зайыбы);
ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмілетке толмаған (асырап алынған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) балалары. Күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын (асырап алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) жиырма үш жасқа толмаған балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегізге толмаған мүгедек балалары (асырап алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; әскери қызметшінің асырауындағы ата-аналары;
мемлекет есебінен әскери қызмет өткеру кезеңіне тұрғын үймен қамтамасыз етіледі; келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлей отырып жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі, ұзақтығы күнтізбелік есептеуде еңбек сіңірген жылдарына байланысты белгіленеді:
үстемақылар; сыйақылар және басқа да әлеуметтік жәрдемақылар.
Құрметті, запастағы офицерлер, Сіздерді өз Отанына қызмет жасауға жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытуға шақырамыз. Отанды қорғау әрбір азаматтың асыл парызы екенін естен шығармайық.
Қосымша толық ақпарат алу үшін Ұлытау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласуға болады:
Ұлытау селосы, Абай көшесі 17 үй, байланыс телефоны: 8(71035) 2-14-56; 2-14-71.
Ұлытау ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.