Зайырлы мемлекеттің қағидалары қандай?

Біздің еліміздің Конституциясы (Негізгі Заң) өзінің 1-бабының I бөлімінде: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп ашық айтады. Осылайша ресми мемлекеттік діні жоқ және бірде-бір дін оқулары «міндетті» немесе «артық көрінуі» мойындалмайтын зайырлы ретіндегі қазақстандық мемлекеттің құрылуы мен қызмет етуінің негізін құраушы қағида конституциялық тұрғыда бекітілді. Ал республиканың мемлекеттік құрылысының зайырлы негіздері ешқандай шамада ар-ұждан бостандығы қағидаларына қайшы келмейді.

Зайырлы Қазақстанның конституциялық-құқықтық нормаларына талдау жасау келесідей қағидаларға негізделген мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынастарының барлық түрлері мен формаларын жүйелеуге мүмкіндік береді: – діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі; – республиканың діни-құқықтық кеңістігінде легитімді әрекет етуші барлық діни бірлестіктердің теңдігі; – мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқарудың зайырлығы; – білім беру жүйесінің зайырлығы; – мемлекеттің діни ұйымдарды тікелей қаржыландыруына жол бермеу; – діни ұйымдардың саяси күреске тікелей қатысуына тыйым салу; – бір уақытта діни құндылықтар мен қасиетті болып табылатын тарих пен мәдениет ескерткіштерінің айрықша тәртібін орнату. Зайырлы Қазақстан ислам мен православиеге, сондай-ақ өзге де діни конфессияларға тең шамада толерантты қарайды; дінді еркін тұтынуға азаматтардың құқықтарына заңнамалық деңгейде кепілдік береді және оны шынайы түрде қамтамасыз етеді. Конституция саяси партиялардың діни негізде қызметіне жол бермейді. Мемлекеттік билік органдары канондық құқық негізінде емес, Қазақстан Республикасы Конституциясының (Негізгі Заңының) негізінде құрылады және қызмет етеді. Конституция ережелерінің негізінде Конституцияда, адам құқықтары жөніндегі халықаралық актілер мен Келісімдерде бекітілген ар-ұждан бостандығына азаматтардың құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық тетігі болып табылатын «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (2011ж.) ҚР Заңы әрекет етеді. Зайырлы мемлекеттегі сияқты Қазақстанда келесі жайттарға сәйкес діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлектену қағидасы жүзеге асырылады: ▪ діни бірлестіктер саяси қызметтің субъектілері болып табылмайды ▪ мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік органдардың қалыптасуына қатыспайды. Сонымен бірге ар-ұждан бостандығы конституциялық-құқықтық түсінік ретінде субъектілердің өзінің сенімдеріне сәйкес ой қорытуға және әрекет етуге, дінге деген өзінің қатынасын өз бетінше айқындауға және заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау жағдайында әрекет жасауға ҚР Заңдарымен рұқсат етілген және кепілдік берілген құқығын білдіреді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі.