Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

Президент Жолдауында қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттілігін атап өтіп, сонымен қатар әскери құрылымдардағы тәртіпке басты назар аударып, әскер тақырыбын да айналып өткен жоқ.

«Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата – ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», – дей келе, әскердегі тәртіп пен заңның сақталуы, әскерде жүрген сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне назарды баса аударды.

Елдос ОСПАНБЕКОВ,
жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы.