Заң мен тәртіп – мемлекет тұрақтылығы мен қоғам қауіпсіздігінің негізгі тірегі
Қай кезеңде де өркениетті елдің даму деңгейі ең алдымен құқықтық мәдениетіне, заңның салтанат құруына және азаматтардың тәртіпке деген жауапкершілігіне қарап бағаланған.

Қазіргі уақытта заңдылықты күшейту, құқық қорғау саласының ашықтығын арттыру және қоғам үшін қауіпсіз орта қалыптастыру – ең өзекті мәселелердің бірі. Заңның тиімді жұмыс істеуі тек жазалау механизмімен емес, алдын алу, түсіндіру, құқықтық білімді арттыру және азаматтық жауапкершілікті көтеру арқылы жүзеге асады.
Құқық қорғау органдарының кәсібилігі, сот жүйесінің әділдігі, мемлекеттік қызметтің адалдығы – барлығы бір мақсатқа бағытталады: әділетті қоғам құру. Әділет бар жерде сенім болады, ал сенім бар жерде даму бар.
Азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен өз құқығын қорғау мәдениеті де ерекше маңызға ие. Әрбір адам өзінің міндетін орындап, қоғамдық тәртіпке құрметпен қараса, құқықтық орта тұрақты болады.
Асем БАЙТАСОВА,
Алғабас ауылының тұрғыны.
