Қызметтік автокөлік – қызмет үшін
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне мемлекеттік бақылау салаларында реттеушілік, іске асыру жəне бақылау функцияларын жүзеге асыратын Агенттіктің аумақтық органы болып табылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Əдеп кодексінің 6-тармағына сəйкес мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін жəне рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану қажет.
Яғни, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Əдеп кодексі 6-тармағының 8) тармақшасына сəйкес мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін жəне рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану болып табылады.
Осыған орай, 2023 жылдың қыркүйек айында өткізілген Ұлытау облысындағы Əдеп жөніндегі кеңесте қызметтік автокөліктерді жеке мақсаттары үшін пайдалану деректері бойынша Ұлытау облысының үш ауылдық əкімдерінің тəртіптік істері қаралды.
Тəртіптік істі зерделеу барысында ауыл əкімдеріне тиесілі қызметтік автокөліктер жұмыстан тыс уақыттарда жеке мақсаты үшін пайдаланып, қызметтік автокөліктерді жол парағысыз басқарғандары анықталды.
Осыған орай, Əдеп жөніндегі кеңестің шешіміне сəйкес ауыл əкімдерінің мемлекеттік қызметке кір келтіретін тəртіптік теріс қылық жасау жəне Мемлекеттік қызметшілердің Əдеп кодексі нормаларын бұзу белгілері бойынша қызметтік автокөліктерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбай, жұмыс уақытынан тыс пайдаланғаны, Əдеп кодексінің 6-тармағының 8) тармақшасын бұзғандығы үшін ауылдық округ əкімдері «сөгіс» түріндегі тəртіптік жазаға тартылды.
Барлық мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Əдеп кодексін басшылыққа алуы тиіс. Аталған Кодекс мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті ұтымды əрі тиімді пайдалануға міндеттейді. Аталған талап барлық мемлекеттік меншікке, соның ішінде қызметтік автокөлікке де қатысты. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік автокөліктерді олар берілген мақсаттарда ғана, яғни тек жұмыс үшін пайдалануы қажет. Əдеп кодексінің жоғарыда көрсетілген талаптарын бұзғаны үшін тəртіптік жауапкершілік қарастырылған.
Осыған байланысты, азаматтарға өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, қызметтік автокөліктерді жеке мақсаттары үшін пайдаланудың анықталған деректері бойынша: Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, №708 кабинетке немесе ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің 73-40-36, 73-31-89 сенім телефонына хабарласуға болатындығын жеткіземіз.
А.ƏБІКЕНОВА,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.