Қызметі мемлекеттік фитосанитарлық объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар назарына фитосанитарлық іс-шараларға байланысты ұсыным

ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабы, 14-5-бабының 1) тармағына сәйкес қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруға және саны зиян тигізудің экономикалық шегінен (бұдан әрі — ЭЗШ) жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге тиіс.

Осыған байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ) назарына зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарын (колорад қоңызы, астықтың сұр көбелегі, дәнді дақылдар аурулары, шалғын көбелегі, бидай трипсі және т.б.) анықтау тұрғысынан өз алқаптарына тұрақты зерттеу жүргізу қажеттігі туралы жеткізулеріңізді сұраймыз.

ЭЗШ көрсеткіштерінен жоғары таралу ошақтары анықталған жағдайда АШТӨ өз аумақтарында тиісті фитосанитариялық іс — шаралар жүргізуге тиіс. Заңының 20-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес зиянды, аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу АШТӨ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу кезінде АШТӨ-ні қолдау үшін саны ЭЗШ-дан жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагендердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау жүзеге асырылады.

Фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуден өткен пестицидтермен ғана жол беріледі. Пестицидтермен жұмыс істеу кезінде АШТӨ «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламентте (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы №197 бұйрығымен бекітілген) белгіленген талаптарды қатаң сақтауға міндетті.

Шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтары анықталған жағдайда Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясына 8 (71035) 2-15-13 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз. Себебі саны ЭЗШ – дан жоғары ошақтарда үйірлі және саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

ҚР АШМ АӨК МИК

Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы