Қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылғандықтан қызмет алушыларға сапалы қызмет көрсету, қолайлы жағдайлар жасау, қызмет көрсету процестерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осы орайда, Департаментке «EgovKzBot2.0» Telegram бот-платформасы арқылы мемлекеттік қызметті алушы ата-анадан Жезқазған қаласы білім бөлімінің №8 гимназиясына (бұдан әрі – Гимназия) қатысты «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің нәтижесі берілмеуіне қатысты шағымы түсті.
Ата-ананың шағымы бойынша Департаментпен сыртқы байқау жүргізіліп, мемлекеттік қызмет ұсыну барысында Гимназиямен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі берілмегендігі анықталды.
Сонымен қатар, ата-ана бұған дейін де мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Гимназияға жүгінген.
Дегенмен, Гимназия ата-анамен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі толық ұсынылғанына қарамастан, яғни №065/у және №052-2/у нысанды медициналық анықтамалары бола тұра, аталған құжаттардың «ұсынылмауы» себебімен негізсіз бас тартқан.
Департаменттің жедел ден қою шаралары нәтижесінде, қызмет алушының бұзылған құқықтары толықтай қалпына келтірілді, яғни білім алушы бірінші сыныпқа қабылданды.
Осы орайда, мемлекеттік қызмет алу барысында құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Департаментке Жезқазған қаласы, Алаш алаңы 1 ғимаратындағы № 711 кабинетке немесе «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жүгінуге болатындығын назарларыңызға жеткіземіз (байланыс телефоны – 8/7102/733270).
Ким Роман ЮРЬЕВИЧ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.