Қысқа қамданыс – тиянақты

Қыс мезгіліне таулы өңір ерте қамданыс жасады. Биыл қар түсімі жылдағыдан əлдеқайда аз болғанымен, Ұлытау ауа райы күтпеген жерден тосын мінез танытуы мүмкін. Соған алдын-ала əзірлік жасау мақсатында аудандық шұғыл əрекет ету жасақтарының дайындығы пысықталды. Осы негізде, Ұлытау аудан орталығында аудан əкімінің орынбасары Аян Əбжамаловтың қадағалауымен «Қыс2023» республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығуына жедел əрекет ету жасағының құрамы түгелдей қатысты.Олар алдымен сап түзеп, жауапты тұлғалары құрылымдарының қысқа əзірлігін баяндады. Мұнымен қоса іс əрекеттер тəртібі жəне көмек көрсету əрі оны орындау міндеттері айтылды. Бұл тұрғыда, аудан əкімінің орынбасары Аян Əбжамалов бастаған топ құрылымдардың қысқа əзірлігін жеке-жеке тексеріп шықты.Сонымен қатар, елді мекендерде төтенше жағдайлар туындағанда жергілікті атқарушы органдарының бағынысты күштерімен басқару жұмыстарына үйлесімділікті жетілдіру шаралары тапсырылды.
Бұдан кейін шұғыл əрекет ету жасағы өз дайындықтарын жаттығу алаңында бекітілген ережеге сəйкес көрсетті. Алаңда əрқайсысы жүктелген тапсырмаларды практикалық тұрғыда орындады. Мұнда жоғарғыда аталған құрылымдардың іс-қимылдарға дайындығын жəне техникаларының талапқа сəйкестігін, сондай-ақ, материалдық-техникалық резервтік жағдайларын тексеру жағына баса назар аударылды. Оған бас-аяғы 14 жедел əрекет ету құрамы, 17 техника, 41 адам қатысты. Сөйтіп, шұғыл əрекет ету жасағының міндеттері нақтыланып, мекемелердің қысқа дайындығы бір мəрте сыннан өткізілді.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.