ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫРЫСТЫ ЕСЕЛЕЙДІ
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков шетелдік инвесторлар канадалық «Maritime House» компаниясы, чилилік «Molymet»компаниясы және қазақстандық «Жезқазғансирекмет» компаниясымен кездесу өткізді.
Келіссөз барысында облыс әкімі сирек металдарды қайта өңдеу және пайдалану саласында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін мүмкіндіктер ұсынды.
Сондай-ақ өңір басшысы мемлекеттік қолдау бөлігінде көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Molymet компаниясы молибден мен ренийді қайта өңдеуге маманданған, компания сирек металдарды өңдеу технологиясымен танымал.
Чили және Канада тараптарынан Molymet компаниясының Бас директоры Эдгар Папе және Maritime House Бас директоры Пейр Джеймс қатысып, ынтымақтастықтың әлеуетін қарастыруға және Қазақстандағы ықтимал инвестицияларды талқылауға дайын екендерін білдірді.