Құқығын білген қор болмас
Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қоғамдық бірлестік құру құқықтары, уәкілетті органның міндеттері» тақырыбында брифинг өтті
Спикер ретінде Ұлытау облысы бойынша «Кеңес» ЖҚБ АҚ өкілі Аиым Мусина сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты және реттеуді, сондай – ақ салааралық үйлестіруді уәкілетті орган-Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті жүзеге асырады.
Уәкілетті орган тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді.
Сондай-ақ, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді.
Жыл сайын жүргізілетін жұмыстың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндама ұсынады, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің қызметін қамтамасыз етеді, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құру кезінде заңда белгіленген тіркеу тәртібін сақтау және Жарғыға сәйкес әрекет ету қажет.
Бұдан басқа, ҚР тұтынушылар құқығын қорғау туралы Заң 20-бабы тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі талаптармен мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгінуге, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заң жобаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға құқық берілді.
»Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың сақталуына қатысты нарық субъектілерінің қызметіне қоғамдық бақылау жүргізе алады.
Айта кету керек, құқықтық көмек орталығы дүкендер мен супермаркеттерде тұрақты негізде мониторинг жүргізеді, оның қорытындысы бойынша: тұтынушылардың бұрыштарының болмауы, тауарлардың құнының болмауы, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдері, таңбалаудың болмауы, сондай-ақ тауар туралы ақпарат сияқты бұзушылықтар анықталады.
Анықталған бұзушылықтар бойынша бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдануда», — деп атап өтті брифинг баяндамашысы.