Құқықтық мәдениет – қоғамдық сананың айнасы

Елімізде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып келеді. Азаматтар заңдарды біледі, зерделейді және қатаң сақтайды, сот және құқық қорғау органдарымен сындарлы диалог жүргізе алады. Қоғамда заң бұзушылыққа қарсы иммунитет қалыптасуда. Мемлекет халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру шараларын қабылдап, құқықтық санасын жүйелі түрде тереңдетіп, кеңейтіп отырады.

Құқықтық мәдениетті дамыту – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Бұл үрдісте халықтың құқықтық санасын көтеру маңызды рөл атқарады. Азаматтардың заңдарға деген құрметі мен оларды орындау қабілеті заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған басты құралдардың бірі. Сол арқылы әр адам өз құқығын қорғауды үйреніп қана қоймай, өзгелердің де құқықтарына құрметпен қарауды үйренеді.

Арнат СПАНОВ,
Қарсақпай кентінің тұрғыны.