XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатынан әсерлі сәттер

Жазғы Олимпиада ойындары тарихында тұңғыш рет стадионда емес, табиғат аясында өткен шараны тамашалауға 500 мың көрермен жиналды. Олардың қатарында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин де бар. Ол еліміздің көк туын көтеріп, спортшыларды қолдауға арнайы келді. 

Жарысқа қатысушы елдер шеруі арнайы қайықтардың үстінде ұйымдастырылды. Қазақстан құрамасы Жапония, Иордания және Кения мемлекеттерімен бір қайықта жүзіп өтті.

Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 25 түрінен 80 атлет қорғайды.