Волонтерлік қозғалысты ұзақмерзімді грант беру арқылы ынталандыру керек – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумында осылай деді.

«Бұл ретте мемлекеттік және жеке грант берушілер арасында тұрақты серіктестік орнатып, отандық және халықаралық донорлардың бір-бірімен нәтижелі ынтымақтастығын қалыптастыру маңызды», — деді Президент.