ВИЦЕ-МИНИСТР ДАРХАН АХМЕД-ЗАКИ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

25 маусым күні ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында тұрғындар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің негізгі нәтижелері туралы ақпараттандырылды. Атап айтқанда, азаматтардың барлық санаттары үшін жоғары білімнің қолжетімділігі, білім беру бағдарламаларының сапасы, жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары, сондай-ақ студенттердің кәсіби даярлығын қамтамасыз ету үшін заманауи технологиялармен жабдықталу жағдайы қозғалды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында ғалымдардың мәртебесін көтеру, кадрлық әлеуетті нығайту жұмыстары жүргізілгені атап өтілді.