Вакцинациядан кейін коронавирусқа қарсы иммунитет екі жылға дейін сақталуы мүмкін
Пандемиямен күресу үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру қажет. Бұған тек вакцинация арқылы қол жеткізуге болады. Бұл туралы және вакциналардың тиімділігі жайлы Қарағанды медицина университетінің қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты, инфекционист-дәрігер, аллерголог-иммунолог Анна Кнаус Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында айтып берді.
Спикердің айтуынша, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарда аурумен күресуге ықпал ететін жады жасушалары бар болғаны 3—6 айға белсенді болады. Содан кейін олар денені қорғауды тоқтатады, сондықтан коронавирус қайталанады немесе ковидтің ұзақ ағымының құбылыстары пайда болады.
— Біздің ағзамыз коронавируспен өздігінен күресіп, бізді аурудан қорғайтын жеткілікті мөлшерде жасушалар жасай алмайтыны белгілі болды. Біз әлі ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмадық. Мұндай жағдайларда вакцинацияның қажеттілігі айқындай түседі, — дейді Анна Кнаус. — Яғни, біз вакциналарды енгізу арқылы жасанды иммунитетті құру кезеңіне көштік.
Вакцина жасау технологиясы бүкіл әлемде бірдей. Нөлден бастап бірде-бір ел вакцина жасаған емес.
— Вакциналардың мақсаты бірдей. Олардың барлығы коронавируспен күресуге бағытталған. Гамалея институтының мәліметі бойынша, Спутник V вакцинасының бірінші компонентін алғаннан кейін біздің ағзамызда 3—6 айға дейін әрекет ететін қорғаныс жасушаларының алғашқы қоры жасақталады. Толық вакцинациядан кейін қорғаныс тосқауылы екі жылға дейін созылуы мүмкін, — деді Анна Кнаус.