Вакцинация және дін: Ислам және православие діні екпе алуға қарсы емес
Ешқандай дәстүрлі дінде вакцинацияға тыйым жоқ, керісінше, денсаулық сақтауға деген ұмтылыс танытады. Қарағанды облысында өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен онлайн-брифингте дін өкілдері ислам және православие тұрғысынан вакцинация мәселелерін талқылады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкілі Бауыржан Мейірбекұлы және Қарағанды және Шахтинск епархиясының Крестовоздвиженский шіркеуі приходының өкілі Александр Угольков атап өткендей, вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді әдісі және исламда да, православиеде де рұқсат етілген.
– Исламда вакцинацияға тыйым салынбаған. Дін әр адамды өз өмірі мен денсаулығына тиісті түрде қамқорлық жасауға және аурудың алдын алу жолдарын іздеуге міндеттейді, – деп атап өтті Бауыржан Мейірбекұлы. – Бұл ретте вакцинада шариғатпен тыйым салынған заттар болмауы тиіс. Алайда, егер басқа амал болмаса – халал вакцина, барын қолдануға рұқсат етіледі, өйткені Алла тағала өз қолымен қауіп төндірмеуді бұйырды.
Шіркеу сонымен қатар өмірді сақтай алатын вакцинацияны қолдайды, деп атап өтті Александр Угольков. Спикер Інжіл уағызымен Алеут аралдарына жеткен Иркутск Әулие Иннокентийдің өмірінен үзінді келтірді.
– Аралдардың халқы қауіпті және өлімге әкелетін шешек індетінен зардап шекті. Құдайдың еркіне сеніп, барлығын қатты дұға етуге шақырған Әулие тұрғындарды жаңадан пайда болған вакцинамен вакцинациялады. Ал індет тоқтады», – деді Александр Угольков. – Біз қазір коронавирустық инфекцияның кері кетпейтінін көріп отырмыз. Айналамыздағы адамдар әлі де ауырып, өмірден озып та жатыр. Ғалымдар атап өткендей, вакцинация – бұл өлімге әкелетін аурудың таралуын тоқтата алатын бірнеше құралдың бірі.
11 тамыздағы жағдай бойынша Қарағанды облысында вакцинаның бірінші компонентін 427 196 адам, екіншісін – 318 151 тұрғын алды.
Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі