Тыныштық күнінің талаптарын сақтау жөніндегі нұсқаулық

Белгіленген тәртіпке сәйкес 14 наурыз – тыныштық күні. Осыған байланысты төмендегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет:
1. ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН АЯҚТАУ
Барлық үгіт-насихат жұмыстары 13 наурыз сағат 20:00-ден кешіктірілмей тоқтатылуы тиіс. Көрсетілген уақыттан кейін үгіт-насихат материалдарын орналастыруға, таратуға, жаңартуға, ротация жасауға немесе қандай да бір өзге түрде ілгерілетуге жол берілмейді.

2. БАҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТ АЛАҢДАРЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ШЫҒУЫН БАҚЫЛАУ
Баспасөзде, сайттарда, телеарналарда, радиода және өзге де ақпарат алаңдарында материалдардың жариялануы мен орналастырылуын бақылауға алу қажет. Тыныштық күні және үгіт-насихат кезеңі аяқталғаннан кейін үгіт-насихат материалдарының жариялануына немесе эфирге шығуына жол берілмеуі тиіс.
Қосымша түрде баспа ақпарат құралдарының шығу күндерін де бақылау қажет. Соңғы тираждар 12–13 наурыз күндерімен басылып шығуы тиіс.

3. ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛҒАНҒА ДЕЙІН ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
13 наурыз сағат 20:00-ге дейін орналастырылған материалдар, оның ішінде БАҚ сайттарындағы жарияланымдар, әлеуметтік желілердегі жазбалар, сондай-ақ аватардағы жақтаулар (рамкалар) өзгеріссіз қалады. Мұндай материалдарды өшіру, жасыру немесе қосымша редакциялау талап етілмейді.
4. ТЕХНИКАЛЫҚ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖАРНАМАСЫН ӨШІРУ
13 наурыз сағат 20:00-ден бастап барлық техникалық тасымалдаушылар мен трансляция арналары арқылы берілетін үгіт-насихат жарнамасы толықтай өшірілуі тиіс. Бұған LED-экрандар, лифтілердегі жарнама, қоғамдық орындардағы радиохабарлар, сондай-ақ үгіт-насихат материалдарын таратуға арналған өзге де ұқсас құралдар кіреді. Бұл талап бейнероликтерге, аудиороликтерге, постерлерге және басқа да үгіт-насихат материалдарына қатысты қолданылады.

5. СЫРТҚЫ ЖАРНАМА КОНСТРУКЦИЯСЫ
Тыныштық күніне дейін орнатылған баспа баннерлер, билбордтар және сыртқы жарнаманың өзге де құрылымдары орнында қалады және оларды демонтаждау талап етілмейді. Өйткені олар үгіт-насихат жүргізуге рұқсат етілген кезеңде орналастырылған материалдарға жатады.

6. ЕСЕП БЕРУ

Барлық өңір 13 наурыз сағат 21:00-ге дейін Ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментіндегі (ДОТР) кураторына аталған тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуы қажет.