ТЫҢ БАСТАМАЛАРҒА ТОЛЫ

Қазақстан Президентінің бұл Жолдауындағы негізгі тақырып – Қазақстан экономикасы проблемаларының əлеуметтік-экономикалық тұсына бағытталды. Маңызды құжат сонысымен де ерекшеленіп тұр.

Неге ерекше дейсіз ғой? Айтайын. Жолдауда тұрғын үй-коммуналдық секторды реформалауға қатысты халық арасында танымал емес шаралар бар екені аталып өтті. Мемлекет мұндай қадамға баруға мəжбүр, өйткені, бұл инфрақұрылымның тозуы ескі болып саналады, бұл өндірушіден тұтынушыға жеткізу процесінде үлкен шығындарға əкеледі, бұл электр желілерінің, сумен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың жəне тағы басқаларының əлеуетін тиімсіз пайдалануға əкеледі. «Біз экономикамызда қордаланған мəселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа əлі де тəуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бəрі бірдей көріп отырған жоқ. Əрине, мұның барлығы – күрделі мəселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар» деді Мемлекет басшысы. Осы бағытта «Тарифті инвестицияларға алмастыру» жаңа тарифтік саясатын енгізу қажеттігін айтты. Ал, бұл жоба осы салаға жаңа қаржылық жəне технологиялық табыстар əкелуге мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

Салықтық əкімшілендіру саласында үлкен өзгерістер болады. Жаңа өзгерістер келесі 2023 жылы енгізіледі. Осылайша, аталған сала одан əрі цифрландырылады. Бұл бизнес пен азаматтарға салық ведомствосы қызметкерлерінің кез келген араласуын болдырмай, осы сервистермен онлайн жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жалпы, жаңа Жолдау ел экономикасының дамуына жаңа серпін беруі тиіс.

Шаяхмет ҮМБЕТОВ,

Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.