Толеранттылық – бейбітшілік кепілі
Отыз жыл ішінде жас мемлекеттің мемлекеттік құрылысына, сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары мен стратегиясына үлкен қызығушылықтары туындаған әлемдік саяси және діни лидерлердің арқасында Қазақстан келісім мен төзімділіктің территориясы деп аталды. Шынында, Қазақстан өзінің мысалында егемен мемлекетті құрудағы келісім мен толеранттылық көптеген этностар мен конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруінің кепілі болуы әбден мүмкін екендігін сенімді көрсетіп келеді. Бұл үшін барлық объективті алғышарттар бар.
Біріншіден, Қазақстан әрдайым этникааралық, мәдениаралық және конфессияаралық диалогты реттей отырып, өзінің аумағында экстремизм мен терроризмнің таралу қаупін сейілтті.
Қазақстан – әлеуметтік тәртіпсіздік аласапыраны орын алмаған посткеңестік кеңістік елдерінің бірі. Террор мен экстремизмнің жаппай апаты бізге тиген жоқ. Біз терроризм мен экстремизмге қарсы жалпыәлемдік күрестің белсенді қатысушысына айналдық. Заманауи қауіптермен күресудегі айқын жетістіктер Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықтың факторы ретіндегі еліміздің маңыздылығының объективті себепшісі болды. Қазақстан аймақта шынайы көшбасшы бола отырып, барлық Орталық-азиялық мемлекеттер үшін саяси және экономикалық дамудың эволюциялық жолының берік үлгісін көрсетеді.
Екіншіден, еліміздің алдында мемлекетті құрудың өткір міндеттері тұрған егемендіктің алғашқы жылдарының күрделі жағдайларында Қазақстанның мемлекеттік құрылысының негізіне этникалық емес, азаматтық негіздегі бірегейлікті қалыптастырудың қағидалары бекітілді. Бұл қағида еліміздің Конституциясының негізіне ене отырып, «Біз – Қазақстан халқы» формуласында өзінің көрінісін тапты. Осылайша, біз Қазақстанның егемендігі жекелеген ұлттар мен діндерге емес, этникалық және конфессиялық тиістілігіне қарамастан барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етуші халықтың тұтастығы мен бірлігіне негізделетінін дәлелдедік. Қазіргі уақытта еліміздің барлық заңдары әлемдік тәжірибені есепке алады, адам құқықтары, өз еркін білдіру еркіндігі мен азшылық мүдделерін қорғау сияқты демократияның іргелі қағидаларына сүйенеді. Қазақстан Республикасында этностардың құқықтарына және олардың дін тұтушылық сана-сезімдеріне қысым көрсетуші ережелерден тұратын бірде-бір заң жоқ. Бұл саясаттың символы Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланған – 1 мамыр ұлттық мерекесі болып табылады.
Үшіншіден, елдің рухани жаңаруы қамтамасыз етілді және ең маңыздысы – жалпыұлттық келісім мен толеранттылық. Бұл мәдениет уақытпен түзіледі, халықтың діліне енеді. Қазақстанның түрік-славяндық әлемі христиандық пен мұсылмандық конфессиялардың шиеленіссіз байланысуы мен дамуының ғажап феноменін көрсетті. Қазақстандық халық бірлесе әрекет ете отырып, еліміздің тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде этника, мәдениет пен дін әралуандығындағы бірлікті сақтаудың міндеттері жақсы шешіліп жатқан мемлекетті құрды. Ұлттың санасында Қазақстанның полиэтноконфессиялық әралуандығы – бұл қазақстандықтарға басқа халықтармен құнды мәдени жетістіктерімен алмасуға мүмкіндік беретін біздің бар қоғамымыздың ортақ игілігі, зор байлығы екендігін білдіретін түсінік орнықты.
Мемлекеттік саясаттың жалпы қорытындысы этникааралық және конфессияаралық диалог қоғамдағы келісім мен толеранттылықты нығайтудың әлеуетті факторына айналғандығы болып табылады. Бүгінде біз Қазақстанның халқы Қазақстандағы келісім мен толеранттылықтың бір аумағында бірге өмір сүруді қалайтындықтарына сенімді болуымыз қажет, өйткені француздың саяси ойшылы Шарль Луи Монтескье айтқандай, – «Ұлттың рухы мен Отанға деген сүйіспеншілік қоғамның үйлесімді өмір сүруінің бірден-бір негізі болып табылады». Қазақстандық қоғамның терең мәнін құрайтын түрлі этностар мен конфессиялар адамдарының рухани және мәдени құндылықтарын ұқыпты қабылдау, өзара түсіністік, төзімділік барлық этностар үшін жалпы мұраттар мен құндылықтарды қалыптастыра отырып, халықтың жалпы ділінде оң көрініс табады.
Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі.