Тиянақты тұжырымдар жасалды
Аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВ аудан орталығында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдады.
Алдымен, аудан басшысы Жамбыл көшесіндегі көпқабатты 24 пәтерлі тұрғын үйді барып көрді. Қазіргі уақытта тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып, ендігі кезекте абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан кейін Советбек Тұрсынұлы Тайжан көшесіндегі 8 пәтерлі екі тұрғын үй мен 16 пәтерлі екі тұрғын үйге барды. Бұл тұрғын үйлер белгіленген жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілуге тиіс.
Бұдан кейін аудан басшысы аудан орталығындағы орталық жылу беретін нысанда да болды. Бүгінгі күні аудандағы мекеме, кәсіпорын ғимараттарына кестеге сай жылу берілуде. Сондай-ақ, жолды қысқы маусымға күтіп-ұстауға байланысты техникалардың дайындығы да пысықталды. Айта кету керек, бұл жұмыстармен «Ұлытау-Тасбұлақ» ЖШС айналысуда.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.