Тілге құрмет – елге құрмет
Елімізде Қазақстан халқы Тілдері күні 1998 жылғы 20 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі етіп бекітілген болатын. Мақсаты – сан ғасырлық құндылықтарды сақтау. Ал, 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» Заң қабылданды. Заң бойынша мемлекеттік тіл — қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді.
Осы уақытқа дейін 22 қыркүйек күні тойланатын мейрамның 2017 жылы күні өзгерді. Бұдан былай мейрам 5 қыркүйек күні аталып өтіледі.
Мейрамның жаңа белгіленген күні Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сəйкестендіріп таңдалып алынған. 1873 жылдың 5 қыркүйегінде қазақ тіл білімімен жəне əдебиеттануымен айналысқан ағартушы жəне ғалым Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Ол қазақ тіл білімінің негіздерін, грамматиканың ғылыми терминологиясын жасаған.
Бұл мереке туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мəдениеті мен дəстүрін танып, білуге бағытталған. Осы арқылы халық өзіне керегін алып, білім қоржынын кеңейтеді.
Тəуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан осы мақсатта бірқатар шараларды қолға алып үлгерді. Осындай этностық, діндік, мəдени əртүрлілікке қарамастан, бүгінде Қазақстан өз тұрақтылығын сақтап келеді.
Қазақстанда тұратын ұлт өкілдеріне мемлекет толеранттылық қарым-қатынас ұстанады: оларға өз дінін ұстануға, мерекелерін тойлауға, өз тілдерінде сөйлеуге рұқсат етіп, құрметпен қарайды. Ал мəдениет аралық қарым-қатынас əртүрлі этникалық топтардың коммуникациясын берік етеді.
Қазақстан əр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет. Сондықтан да ұлттық болмысымызды, мемлекеттік келбетімізді сақтап қалу үшін қазақ та, басқа этностар да қазақ тілі мен мəдениетінің маңайына шоғырлануы керек. Еңбектеген баласынан, еңкейген қариясына дейін қазақ тіліне құрметі шексіз болып, қазақ тілін меңгеруде ықыласы бөлек болуы тиіс.
Дүниенің бəйгесінен қалмау үшін, біз ең алдымен өзіміздің мəдениетімізді, сол мəдениеттің негізі тілімізді бəсекеге қабілетті етуіміз керек. Елімізді мекен еткен өзге ұлт өкілдері қазақ халқының салт-дəстүрін қастерлеуде, ұлттық тілін ұлықтауда, Қазақстанды бір ғана Отаным деп білетін олар ұлы халықтың ұлы құндылықтарын өз ұрпақтарының бойына сіңіріп өсіруі тиіс. Қазақ тілінің ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналатын кезеңін реформалар негізінде жақындатуымыз керек.
Тілді қасиет деп түсінбейінше, оның алдындағы қызметте айтарлықтай салмақ та болмайды.
Ұлытау ауданының прокуратурасы.