Теміртаудағы металлургия комбинаты қоршаған ортаға шығарындыларды едәуір қысқартады
ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазТрансГаз» АҚ және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Теміртау металлургия комбинатына тауарлық газды жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.
«Сарыарқа» магистральдық газ құбырына қосу арқылы қоршаған ортаның жай-күйіне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың өндірістік қызметі процестеріне оң әсер беруге және ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдай жасау Меморандумның мақсаты болып табылады. Меморандум тараптардың ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестігін нығайтуға бағытталған және әрі қарай ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін анықтайды.
Меморандумға қол қою рәсіміне қатысқандар: ҚР энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев, «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Сулейманов және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир.
Меморандум шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-қа жалпы жылдық көлемі 300 млн м3-ден 600 млн м3-ге дейін 15 жылдан кем емес кезеңге тауарлық газды жеткізу бойынша ынтымақтастық орнату жоспарлануда.
Металлургиялық комбинатты табиғи газға ауыстыру және басқа да экологиялық іс-шараларды іске асырудан экологиялық әсер қоршаған ортаға эмиссияны жылына 6 640-тан 49 230 тоннаға дейін жоспарлы азайту болады, бұл аймақтағы экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.