Тазалық табалдырықтан басталады
Көктем шығып, қар ерісімен күл-қоқыспен мұндалап шыға келетіні белгілі. Бұл ауылдың сәнін кетіріп, денсаулыққа да қауіп төндірері сөзсіз…
Сондықтан күн жылыған бетте ауылдарда тазалық сенбіліктері басталады. Осыған орай, аудан әкімінің арнайы өкімі шығып, сенбіліктер мен тазалық бейсенбіліктерінің кестесі бекітіледі. Қоскөл ауылының әкімдігі биыл санитарлық тазалық жұмыстарын ерте бастап кетті. Өткен сенбіде ауыл әкімі бас болып, жұртшылық аула мен көшелерді тазалауға шықты.
– Қазіргідей инфекция қыспаққа алып тұрған уақытта ауылдың, ауланың таза болуы қажет-ақ. Осыны ауылдастар жақсы түсініп, «сенбілікке шығайық» деген ұсынысымызды бірден мақұлдады. Тұрғындар өз аулаларын ретке келтірсе, әкімдік, клуб, кітапхана қызметкерлері көшелерді қоқыстан тазартты. Бұл үрдіс үзіліссіз жалғасатын болады, – дейді ауылдық округ әкімі Досет Уатаев.
Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ
ҚОСКӨЛ ауылы.