Тазалыққа талпыныс тоқтамайды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке бар ынтамен қатысқан Ұлытау аудандық мәслихаты аппаратының ұжымы өнімді еңбек үлгісін танытты.

Нәтижесінде белгіленген жер аумағы қоқыс қалдықтарынан толық тазартылды.
– Бұл акция – тағылым үлгісі. Оның түпкі мақсатын тереңірек түсіне білуіміз керек. Біз қоқысты «өзіміз» шашып, оны «өзіміз» жинаудан арылуға тиіспіз. Алдымыздағы бірегей міндет – қарапайым тұрғындардың ішкі мәдениетін «ояту» арқылы оларды қоқысты бей-берекет тастай салудан алшақ болуға қалыптастыру, – деді ұжымды сенбілікке бастап шыққан мәслихат төрағасы Ахат Құрмансейітов.
Сөз реті келгенде, аудандық мәслихат депутаттарының жоғарғыда аталған акция аясында өздері тұратын елді мекендерде өткерілген игілікті істің бел ортасында болғанын айта кеткен жөн.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.