«Таза Қазақстан» жалпыэкологиялық акциясы аясында “Таза аудан» атты сенбілік өтті 

Ұлытау ұлттық табиғи паркі мен «Жасыл ел» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан” жалпыэкологиялық акциясы аясында “Таза аудан» атты сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық шара барысында Ембұлақ және Әулиетау туристік соқпақтарының аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, табиғи ортаға қамқорлық көрсетілді. Сенбілікке еріктілер мен жергілікті жастар белсене қатысып, табиғатты аялаудың маңыздылығын насихаттады.

Мұндай шаралар — табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жарқын көрінісі.