«Таза Қазақстан»: Тазалыққа талпыныс тоқтамайды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауданға қарасты кент және ауылдық округтерде жаппай тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында мекемелер мен ұйымдар, кент, ауыл әкімдіктерінің ұжымдары көшелер мен аулаларды, өзен арналарын тазалап, әктеу жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, «Жасыл ел» жастар жасақтары да сенбілікке қатысып, жол жиегіндегі шашылған қоқыстар мен шөптерді тазалап, туған жердің таза болуына үлестерін қосты.
Жалпы сенбілікке 987 адам, 46 техника қатыстырылып, 5,6 тонна қоқыс шығарылды.
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.