«Таза Қазақстан» – экологиялық бірегей жоба

“Таза Қазақстан” – бұл тек экологиялық акция емес, халықтың сана-сезімін тәрбиелейтін үлкен қозғалыс. Әркім өз үйінің, ауласының, көшесінің тазалығына мән берсе, бүкіл елдің көркі артады. Қоршаған ортаға қамқор болу – табиғатты қорғау ғана емес, ол – мәдениеттіліктің, ұлтқа деген сүйіспеншіліктің айқын белгісі.

Еліміздің болашағы жастардың қолында, ал жастарға біз таза табиғат, таза орта қалдыруға міндеттіміз. Сондықтан “Таза Қазақстан” бастамасын қолдау – әрбіріміздің азаматтық борышымыз.

Маржан ЕРАЛИЕВА,
Ұлытау ауданының терапевт дәрігері.