Таза аула — таза қала
Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы шаһарымыздағы 9 орамдағы бірнеше аулаларда болды. Атап айтар болсақ, Сары-Арқа көшесі 12, 14 және Гоголь көшесі 12 ші үй алаңдарын аралап, тұрғындарымен кездесті. Бұл көшелердің де аулаішілік жолдарына дефектовка жасап, оны іске асыру бойынша ұсыныс беруді тапсырды. Биылдан қалмай ауладағы балалар алаңын күрделі жөндеуден өткізу қажет. Облыс әкімі аталған мәселелерді Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжановқа қатаң қадағалауына алуды тапсырды.
Жезқазған қаласының облыс орталығы атанғанын ескерсек, мысты шаһардың әр көшесі, әр ауласы осы деңгейге сай болуы керек. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады.