Татулық пен достықтың мерекесі атап өтілді
Бүгін Халықтар достығы мен мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты кештің шымылдығы жергілікті «Шалқыма» би ансамблінің орындауындағы «Достық» хореографиялық композициясымен ашылды.
Достық пен ынтымақтың мерекесі қарсаңында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Төлеутайұлы Үсенов жерлестерді құттықтап, бірқатар азаматты облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының алғыс хатымен марапаттады.
Жаңа Қазақстандық қоғам құру ісінде табысты еңбек етіп және облыстың қоғамдық саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін өңір басшысының алғыс хаттарына:
Жезқазған қалалық «Диндале» корей этно-мәдени орталығының жетекшісі – Валентина Ким
Ұлытау облыстық қоғамдық Кеңестің төрағасы, «Азамат-Агро» шаруа қожалығының басшысы – Бауыржан Бегенов
Жезқазған қалалық маслихатының төрағасы, 2005 жылдан бастап Аналар кеңесінің мүшесі, 2020-2023 жылдары аралығында Жезқазған қалалық Аналар кеңесінің жетекшісі – Раушан Қапарова
Сәтбаев қаласының Әзірбайжан бастамашыл тобының жетекшісі, Ауған соғысының ардагері — Самир Мамедов
Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің Жаңаарқа ауданы бойынша төрағасы – Сәулеғаным Орынғожина
Ұлытау облысы «Вайнах» шешен-ингуш орталығының жетекшісі Абуезит Чумаков ие болды.
Концерттік іс-шара Т.Қалмағамбетов атындағы филармония жанынан құрылған хордың орындауындағы «Туған елім» әнімен аяқталды. Салтанатты жиын соңында мерекелік отшашу ұйымдастырылып, Ұлытау облысы әкімінің ықылас гүлі табыс етілді.