Тасқынның алдын алу – кезек күттірмес мәселе

Аудан аумағында су тасқыны əртүрлі жағдайда өтеді. Барлығы ауа-райына байланысты болады. Су тасқыны жай өтуі мүмкін – білінбейді, кейде бақытсыздық жағдайға əкелуі мүмкін. Су апатымен күресуде адамдарда біршама тəжірибе жиналды. Алайда, көктемгі су тасқыны кезінде ең қарапайым қауіпсіздік ережелерді орындамағандықтан адамдардың біразы бақытсыздық жағдайға ұшырап жəне материалдық шығынға келтіреді.

Тұрғын-үйлерді, өндірістер, мəдени-тұрмыс нысандар, автожолдар, басқа да инженерлік ғимараттарды су басуда жəне адам өліміне жол бермеуде, олардың бетін қайтару мақсатында, жергілікті атқарушы органдар, кəсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшылары жəне тұрғындар су тасқынына қарсы біраз шараларды орындауға міндетті.

— су басуы ықтимал аймағынан тұрғындарды, жан-жануарлар мен материалдық құндылықтарды, тұрғындарды уақытша қосалқы мүмкін үй-жайларға орналастыруды көрсетіп, көшіріп тасу жоспарын нақтыласын;

— судың көп жиналған жерлерден қарды, арналар мен су ағатын жүйелерді тазартып, су жіберетін құрылғылар мен механизмдерді жөндесін;

— су басу учаскелерінде топан су ағысын тоқтаусыз өткізуді ұйымдастырсын; — су басқан аумақтарға топырақ төксін;

— су тасқыны кезінде негізгі қамтамасыз ету базаларынан бөлініп қалуы мүмкін елді мекендер мен қойшылар мекендерін тамақпен, жем-шөппен, жанар-жағар маймен қажетті санын құрсын. Егер келесі қауіпсіздік ережелерін ұстанса, су тасқынының ауыр зардаптарын азайтуға болады — көктемгі қардың тез еруі, қолайсыз ауа-райының ұзақ созылуы, мұз еріп қозғалған мезгілде өзеннің аласа жағасында тоқтамау керек;

— оқыс су тасқыны кезінде, тұрған жерден тез кетіп жердің неғұрлым биік бедерлі жеріне жету керек;

— су қоймалары тоғандарға жақын жəне өзендер арасына орналасқан саяжайларға баруды шектеу қажет;

— өзендер, арналар, терең жəне енді орлар мен шұңқырлардың үстінен өтетін құбырлар мен құрылғылардың үстімен (бойымен) өтпеңіз;

— құрғақ жерден бөлініп қалмас үшін өзен ортасындағы жартылай аралдарға кірмеңіз;

— бақытсыздық жағдай болмас үшін, белгіленбеген жəне таныс емес орындарда мұз үстімен өзенді, арналарды жəне басқа да су қоймаларын кесіп өтпеңіз жəне жүрмеңіз;

— өзен, котлован, терең орлар мен шұңқырлардың жанында балалардың ойнауына тиым салыңыз;

— осы кезеңде су арнасының толық түскеніне дейін балықшыларға балық аулауын доғара тұру керек.

Егер сіз көктемгі су тасқынынан аман қалғыңыз келсе, өзіңіздің мүлкіңізді жоғалтқыңыз келмесе, онда қазірден бастап қажетті шараларды қабылдаңыз.

Ұлытау ауданының ТЖ бөлімі.