Тапсырмалардың орындалысы пысықталды

Аптаның басында аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВТЫҢ төрағалығымен кіші аппарат жиналысы өтті. Оған аудан əкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары қатысты. Ал, кент, ауыл əкімдері онлайн ZOOM платформасы арқылы қосылды.

Күн тəртібіндегі бірінші мəселе бойынша аудан əкімі аппаратының басшысы Ержан Дəуітбаев аудан əкімі тапсырмаларының орындалысы туралы баяндады. Бұдан соң, қаржының игерілуі жөнінде аудандық экономика жəне қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Əбілов хабарлама жасады.

Күн тəртібіндегі мəселелерге қатысты Аманжол Батырбекұлы берілген тапсырмаларды алдағы өтетін аппарат отырысына дейін шешуді тапсырды. Игерілмеген бюджет қаражатын 2022 жылдың 10 қарашаға дейін игеру жөнінде тапсырмасын берді. Сондай-ақ, аудан басшысы ҚР Үкімет отырысында Ұлытау облысының əлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар мақұлданғандығын тілге тиек етті.

Аппарат отырысы барысында кент, ауыл əкімдері де өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, олардың шешілу жолдары қарастырылды.

Соңында 2022 жылдың қараша айының 3-22 аралығында кент, ауылдарда аудан əкімінің халықпен кездесуі өтетіні тілге тиек етіліп, жиын барысында талқыланды.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі.