Талқыда – жер мәселесі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ пайдаланылмай жатқан 5 млн. гектар жерді Үкіметке қайтару жөнінде тапсырмасын берген болатын. Соның 165 мың гектары Ұлытау ауданына тиесілі. Осы мақсатта аудан əкімінің міндетін атқарушы Мақсұт ОСПАНОВТЫҢ төрағалығымен жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудан əкімінің орынбасары Аян Əбжамалов, «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Аманбек Сүлейменов, аудандық жер қатынастары, сəулет жəне қала құрылысы бөлімінің басшысы Болатбек Есназаров жəне басқа да тиісті бөлім мамандары қатысты.
Комиссия отырысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтарып алу мəселесі қаралды. Игерілмеген жер телімдері жайлы Егінді ауылының əкімі Марғұлан Əлмағанбет анықтама берді. Алдағы уақытта пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстарымен басқа да кент, ауыл əкімдерін комиссия мүшелері жеке-жеке қабылдайтын болады.
Аудан əкімінің баспасөз қызметі