Таксистерге рөлде 8 сағаттан артық отыруға тыйым салынуы мүмкін
Интернет-агрегаторларды пайдаланып, өңірлер арасында адам таситын такси жүргізушілері ұйқысыз және демалыссыз жұмыс істейді. Ескі, қауіпті көліктер де аз емес.
Осыған орай ішкі істер министрлігі мынадай ұсыныс жасады:
◾️ көлікті күнделікті тексеру және жүргізушілерді жолға шығар алдында медициналық тексерістен өткізу;
◾️ жылына 2 рет көлікті техникалық тексерістен өткізу;
◾️ жүргізушілердің рөлде 8 сағаттан артық отырмауын қарастыру.