«Таңертеңгі уақытта коммуналдық техника да, аула сыпырушылар да көрінбейді»
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыс орталығындағы жолдар мен көшелерді тазалау жұмыстарына наразылығын білдірді.
— Кеше таңғы 7-8-де қала бойынша жаяу жүріп өттім. Коммуналдық қызметтердің бірде-бір қызметкері, көшелерді суаратын немесе тазалайтын бірде-бір машина жоқ. Бірде-бір аула сыпырушы – ПИК нашар жұмыс істейді, — деп аймақ басшысы онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте наразылығын білдірді. — Әлеуметтік желілерде қоқыс жинау және тұрғындардан, автокөлік жүргізушілерінен жолдардың жағдайы туралы шағымдар көп жарияланып жатыр. Қар еріп кетті – проблемалар бар жерлер көріне бастады. Қарапайым мәселелерді шешу керек. Мысалы, жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі болған жерлерін жөндеңіздер. Кепілдік қызмет көрсету мерзімі өтпеген мердігерлерді барлық проблемалық учаскелерді жөндеуге мәжбүр етіңіздер. Асфальт қазуды ұнататын әуесқойларды жазалау керек. Әрбір жағдайды жеке қарастыру қажет.
Облыс әкімі таңғы сағат сегізге дейін барлық жер таза болуы үшін қоқыс жинау кестесін қадағалауды талап етті. Сондай-ақ бұл тек облыс орталығына ғана емес, өңірдің барлық қалаларына да қатысты екенін атап өтті.