Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобаларын Парламент Мәжілісінің депутаттары қарауына қабылдады
Қыркүйек айының ішінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа, әлеуметтік-мәдени даму, экология және табиғат пайдалану мәселелері, Қаржы және бюджет, Аграрлық мәселелер, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттерінің мүшелеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобаларын таныстыру бойынша жұмыс жүргізді.
Жоғарыда аталған комитеттердің депутаттары оң қорытындылар беріп, Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі бас комитетіне жолдады.
Парламент Мәжілісіндегі жұмыс тобының жетекшісі болып Мұрат Әбенов тағайындалды.
Айта кету керек, заң жобалары Мемлекет басшысының ҰҚСК 6-шы отырысында берілген тапсырмасы бойынша әзірленіп, Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес Парламент Мәжілісіне енгізілді.
Атап айтқанда, заң жобасының жаңа редакциясында заңнамалық актінің құрылымдық элементтері логикалық тәртіппен құрылған.
Заң жобасында Үкімет, мемлекеттік органдар, сот, қоғамдық және соттан тыс институттарды қамтитын тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің субъектілерін анықтау ұсынылады. Осы жүйеде жаңа заңмен тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын негізгі субъектілердің бірі кәсіпкер айқындалатын болады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтына оның қызметінің принциптері, кепілдіктері, функциялары және соған байланысты шектеулер, өтініштерді қарау және оны тағайындау тәртібі қамтылған жеке тарау арналатын болады.
Заң жобасында көрсетілген тұтынушылардың құқықтары негізгі ретінде бекітуді ұсынады. Сондай-ақ, заң жобасының нормаларын кәсіпкерлік субъектілері көрсететін қызметтер мен жұмыстар салаларының қоғамдық қатынастарын реттейтін барлық салалық заңнамалық актілерге кеңейтіледі.
Ағымдағы заңнамалық олқылықтар жойылады, қоғамдық институттар тұтынушылардың құқықтарын сотта қорғаудың ерекшеліктері, сондай-ақ тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау айқындалатын болады.
Омбудсмен институтының салалық мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге міндетті түрде қатысу қағидаты бекітілетін болады.
Тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және оларға қысым жасайтын не осындай бұзушылықтар мен бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін талаптарды тұтынушылармен жасалған шарттарға енгізуге жол берілмейтін императивті мәртебеге ие болады.
Қашықтықтан (электрондық) сауда сегментінде қоғамдық қатынастарды реттеуді оның бетпе бет нысанынан синхрондау жүзеге асырылды.