Тұтынушы құқығын қорғау – негізгі міндет
Қыркүйек айының ішінде Қазақстан Республикасы Сауда жəне интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Парламент Мəжілісінің Заңнама жəне сот-құқықтық реформа, əлеуметтік-мəдени даму, экология жəне табиғат пайдалану мəселелері, Қаржы жəне бюджет, Аграрлық мəселелер, Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік жөніндегі комитеттерінің мүшелеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобаларын таныстыру бойынша жұмыс жүргізді.
Жоғарыда аталған комитеттердің депутаттары оң қорытындылар беріп, Парламент Мəжілісінің Экономикалық реформа жəне өңірлік даму жөніндегі бас комитетіне жолдады.
Парламент Мəжілісіндегі жұмыс тобының жетекшісі болып Мұрат Əбенов тағайындалды.
Айта кету керек, заң жобалары Мемлекет басшысының ҰҚСК 6-шы отырысында берілген тапсырмасы бойынша əзірленіп, Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сəйкес Парламент Мəжілісіне енгізілді.
Атап айтқанда, заң жобасының жаңа редакциясында заңнамалық актінің құрылымдық элементтері логикалық тəртіппен құрылған.
Заң жобасында Үкімет, мемлекеттік органдар, сот, қоғамдық жəне соттан тыс институттарды қамтитын тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің субъектілерін анықтау ұсынылады. Осы жүйеде жаңа заңмен тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын негізгі субъектілердің бірі кəсіпкер айқындалатын болады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мəселелері жөніндегі Омбудсмен институтына оның қызметінің принциптері, кепілдіктері, функциялары жəне соған байланысты шектеулер, өтініштерді қарау жəне оны тағайындау тəртібі қамтылған жеке тарау арналатын болады.
Заң жобасында көрсетілген тұтынушылардың құқықтары негізгі ретінде бекітуді ұсынады. Сондай-ақ, заң жобасының нормаларын кəсіпкерлік субъектілері көрсететін қызметтер мен жұмыстар салаларының қоғамдық қатынастарын реттейтін барлық салалық заңнамалық актілерге кеңейтіледі.
Ағымдағы заңнамалық олқылықтар жойылады, қоғамдық институттар тұтынушылардың құқықтарын сотта қорғаудың ерекшеліктері, сондай-ақ тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау айқындалатын болады.
Омбудсмен институтының салалық мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің жобаларын əзірлеуге міндетті түрде қатысу қағидаты бекітілетін болады.
Тұтынушылардың құқықтарын бұзатын жəне оларға қысым жасайтын не осындай бұзушылықтарға əкеп соғуы мүмкін талаптарды тұтынушылармен жасалған шарттарға енгізуге жол берілмейтін императивті мəртебеге ие болады.
Қашықтықтан (электрондық) сауда сегментінде қоғамдық қатынастарды реттеуді оның бетпе-бет нысанынан синхрондау жүзеге асырылды.
Мұның бəрі азаматтарды қабылдау үшін қарапайым жəне құқық қолдану практикасы үшін ыңғайлы заң мəтінін қабылдау арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге əкеледі.
Жеңісбек АХМЕТОВ,
Ұлытау облысы бойынша сауда жəне тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.