Тұтынушы құқығы – маңызды фактор
2025 жылғы 28 наурызда Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы атқарылған жұмыстарға арналған брифинг өтті. Спикерлер ретінде Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Айтуғанұлы Дәулетбаев және “Ұлытау облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжахан Камалиевна Дюсембекова сөз сөйледі.
2025 жылдың І-тоқсанының негізгі қорытындылары:
• Тұтынушылардың құқықтарын қорғау:
• 90 тұтынушылық шағым қаралды.
• “e-Tutynyshy” және “e-Otinish.kz” жүйелерін қолдану арқылы шағымдарды беру процесі жетілдірілді.
• Тұтынушыларды қауіпсіз өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында “Сапалы өнім” қоғамдық қозғалысы іске қосылды.
• Ішкі сауда қызметін реттеу:
• Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді.
• Баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру нәтижесінде 53 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
• Сауда ережелерін бұзған кәсіпкерлерге қатысты шаралар қабылданып, жалпы сомасы 137 920 теңге көлемінде айыппұл салынды.
• Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жаңа заңнамалық өзгерістер:
• 2025 жылғы 10 қаңтарда ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексіне енгізілген түзетулер туралы ақпарат берілді.
• Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін негізсіз арттырған кәсіпкерлерге айыппұл санкциялары күшейтілді.
Брифинг барысында саладағы өзекті мәселелер көтеріліп, алдағы жоспарлар талқыланды. Ұлытау облысының тұрғындарына сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өз сұрақтарын “e-Tutynyshy” және “e-Otinish.kz” платформалары арқылы жолдауға болатыны еске салынды.